Ақпанның 7 - 9 аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында көптен күткен «MISS UNIVERSITY 2023» байқауының кастингі өтті және онда 80-нен астам болашақ қатысушылар жиналды.
Кастинг 3 негізгі кезеңнен тұрды:
- таныстыру;
- шығармашылық нөмір;
- дефиле.
Қонақтарымызға, қазылар алқасының құрметті мүшелеріне кастингті өткізуге қолдау көрсеткені және көмектескені үшін алғысымызды білдіреміз!
Малаева Диана Кабдулловна - ХБК корпоративтік және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры;
Сеитов Совет Саутович -«Мисс Алматы» ұйымдастыру комитетінің төрағасы;
Маханова Индира - «Мисс Алматы» сұлулық және талант байқауының кастинг директоры;
Мондыбай Айжан - «Мисс Алматы» сұлулық және талант байқауының атқарушы директоры;
Сексенқызы Қарлығаш - «Vice-Miss Kazakhstan 2021»;
Заир Томирис - «Miss-Almaty 2022», «Vice-Miss Kazakhstan 2022»;
Әбдіхалиева Әсел Мұратбекқызы - «Miss University 2022»;
Қанкелді Абдурахим Ұласбекұлы - студенттік жастар комитетінің төрағасы.
Жақын арада үш күндік кастингтің нәтижелері жарияланатын болады. Көрермендер мен қатысушылар үшін көптеген жағымды тосынсыйларымыз бар! Сондықтан missuniversityiec парақшасына жазылып, жаңалықтарды жіберіп алмаңыз!
Барша аруларға қатысқандары үшін және ерекше таланттары үшін алғыс айтамыз!