Новости МОК

Бос білім беру гранттарының конкурсына өтінімдер қабылдау жарияланады

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған, бос білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау жарияланады.

Байқауға 2021-2022 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша ақылы бөлімінде оқитын студенттер, магистранттар қатыса алады.

Үміткерлерді таңдау критерийі: үлгерімнің орташа балы /GPA / негізінде аралық аттестаттау нәтижелері, университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне қатысу болып табылады.

GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- ("өте жақсы") бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- ("өте жақсы") бастап В+, В, В -, С+ ("жақсы") дейінгі бағалары, бұдан әрі – барлық оқу кезеңіндегі аралас бағалар.

Ректорға өтініш бланкісінің үлгісі және 2022 жылға босаған гранттар санымен таныссаңыз болады:
Грант саны
Өтініш бланкісі