Новости МОК

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне» (Қызылорда қ.) оқуға өтінімдер қабылдау басталды!

Академиялық ұтқырлық аясында 2023 жылдың көктемгі семестрінде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне» (Қызылорда қ.) оқуға өтінімдер қабылдау басталды!

Оқу университетаралық арасындағы келісімнің негізінде тегін. Студент жолақысын, жатын орны мен тамағын өзі төлейді.

Өтінімдер келесідей оқу бағдарламалары бойынша қабылданады:
• Дизайн;
• Құрылыс;
• Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру;
• Кадастр;
• Журналистика;
• Аударма ісі;
• Туризм;
• Есеп және аудит;
• Қаржы;
• Экономика;
• Құқықтану.

Қажетті құжаттар тізімі:
• Транскрипт;
• Академиялық ұтқырлық бойынша білім алушының сауалнамасы.

Құжаттар 2022 жылдың 23 желтоқсан күніне дейін қабылданады.
Барлық құжаттардың электронды PDF нұсқасын inter.dep@kazgasa.kz поштасына жіберіңіздер.

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық кеңсемен (КАУ, 401) байланыс жасауға болады.