Новости МОК

Қала құрылысы одағының отырысы

16 маусымда Алматы қаласында қала әкімі Ерболат Досаев пен жетекші сәулетшілердің қатысуымен қала құрылысы Одағының іс-шарасы өтті.

«Қазақстан - 2022» қала құрылысы форумына Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры Имандосова Маргарита Булатқызы мен KazGASA факультет декандары қатысты.

Форум отырысында еліміздің ірі мегаполисі - Алматы қаласын одан әрі дамыту, жүйелендіру және қала құрылысын дамытуды талдау мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, қаладағы қолайлы орта мен дамуды жақсарту үшін қала құрылысы кеңесінің жұмысын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды.

Форум отырысының соңында «Қазақстан - 2022» қала құрылысы форумының қатысушыларына номинациялар бойынша сыйлықтар табыс етілді