Новости МОК

Құсайынов Әмірлан Айдарбекұлын еске алуға арналған спартакиада ойындары басталды

16 қаңтарда ХБК қызметкерлері мен профессорлық-оқытушы құрамы арасында Құсайынов Әмірлан Айдарбекұлын еске алуға арналған 12 құрама командалары арасында спартакиада ойындары басталды.

Ашылу салтанатында Байқау кеңесінің төрағасы Айғазы Әмірланұлы Құсайынов спорттық жарыстарға қатысушыларға жоғары нәтижелерге қол жеткізуді және сәттілік тіледі!

Спартакиадаға жалпы 12 құрама команда қатысуда. Жарыс арқан тарту, волейбол, үстел теннисі, футбол, шахмат, дойбы, баскетбол, дартс сияқты әр түрлі спорт түрлерінен өтеді және 5 күнге созылады. 

Спартакиада салауатты өмір салты ретінде дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау, ұжымдар арасында достық байланыстарды нығайту, мықты спортшылар мен командаларды анықтау мақсатында өткізіледі.

Алдағы жарыстарда командаларымызға сәттілік тілейміз!