Новости МОК

ХБК студенттер үйінде "Наурыз" мерекесі аталып өтті

2022 жылдың 1 сәуірінде ХБК студенттер үйінде "Наурыз" мерекесі аталып өтті.

Биыл студенттер "этноауылды" көруге, дәстүрлі киіз үйге баруға, "наурыз көже" және палау тағамдарымен дәм татуға мүмкіндік алды. Іс-шарада студенттер дәмді және ыстық бауырсақтардан дәм татты.

Іс-шара аясында қол күрес, арқан тарту және тағы басқа спорттық ойындар өткізілді.Студенттер үйінде тұратын барлық студенттер Наурызды тойлауға белсене қатысты. Ең үздік қатысушыларға сыйлықтар берілді, олар өздерін мерекеде де, студенттер үйінің Үлгілі тұрғындары ретінде де көрсетті.