Новости МОК

ХБК студенттері ҰОС ардагерін құттықтады

Бүгін Халықаралық білім беру корпорациясының студенттері Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Назарович Поповты Жеңістің 77 жылдығымен құттықтады.

Анатолий Назаровичпен кездесу ардагердің туыстары мен жақындарының қатысуымен жайлы үйде өтті. Кездесу барысында ҰОС ардагері өткен күндер туралы естеліктерімен, әзіл-сықақ әңгімелерімен бөлісіп, елімізге бейбітшілік пен гүлдену тіледі.