Жылумен газбен жабдықтау және желдету – бұл жылумен, газбен жабдықтау жүйелерін, желдетуді және ауа бассейнін қорғау құралдарын, өнеркәсіптік, азаматтық және басқа да объектілерді жобалауға, монтаждауға, пайдалануға және реконструкциялауға байланысты кешенді міндеттерді шешуге бағытталған құралдар жиынтығын қамтитын материалдық өндіріс, ғылым мен техника салалары. Түлектер жылумен, газбен жабдықтау, желдету және ауаны баптау жүйелерінің сапалы жұмыс істеуін және жетілдірілуін қамтамасыз ету шеңберінде кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін жобалаудың, басқарудың инновациялық технологияларын меңгереді.