Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы мен Қазақ-Америка университетінің құқықтық мирасқоры

Құрылу тарихы

"Халықаралық білім беру корпорациясы" ЖШС (бұдан әрі – ХБК) 2007 жылғы 18 қаңтарда Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының (бұдан әрі - ҚазБСҚА) және Қазақ-Америка университетінің (бұдан әрі - ҚАУ) базасында оқу, ғылыми, өндірістік және басқа да бөлімшелерді біріктіретін бірыңғай оқу-ғылыми-өндірістік кешен ретінде құрылды. ХБК көп деңгейлі жүйе бойынша білім беру процесінің функционалдық тұтастығы мен басқарылуын қамтамасыз етуге негізделген корпоративтік басқару нысаны бар ұйымдық-құқықтық құрылымға ие.
ХБК сәулет-құрылыс бейіні мамандарын даярлау бойынша Қазақстан Республикасының базалық жоғары оқу орны болып табылады.

Жоғары оқу орнының тарихы 1957 жылы Қазақ политехникалық институтына "өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс"мамандығы бойынша студенттердің бірінші тобы қабылданған кезден басталады. 1961 жылы "Сәулет" мамандығына қабылданып, тиісті факультеттер құрылды: құрылыс, сәулет және санитарлық-техникалық. 1980 жылы осы факультеттер мен Бүкілодақтық сырттай инженерлік-құрылыс институтының Алматы филиалының негізінде Алматы сәулет-құрылыс институты ашылып, 1992 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы болып қайта құрылды. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы болып қайта аталды.
ҚазБСҚА "Сәулет" мамандығы бойынша ЮНЕСКО-ХСА комиссиясымен (Халықаралық Сәулетшілер одағы) халықаралық аккредиттеудің барлық сатысынан сәтті өтті (2007 ж.) және халықаралық дипломға ие болды.
Академия оқу процесін еуропалық білім беру стандарттарына сәйкес ұйымдастырғаны үшін алтын медальмен және "Еигореап Quality" дипломымен марапатталды.
ҚазБСҚА халықаралық геотехникалық қауымдастығының (ISSMGE) мүшесі болып табылады. Негізгі назар идеялармен алмасуға, ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне, практикалық тәжірибелерге, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің ғалымдары мен мамандары арасында ірі ауқымды және бірегей объектілердің негіздері мен іргетастарын салу, мұнай-газ және тау-кен өндіру салалары объектілері құрылысының геотехникалық проблемалары, гидротехникалық құрылыстар саласында бірыңғай ақпараттық кеңістік құруға аударылады.

Академия жанынан Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және т.б. елдердің жоғары оқу орындарын біріктіретін Орталық Азия сәулет-құрылыс мамандықтарының қауымдастығы (ОАААСҚ) ұйымдастырылған. Қауымдастықтың негізгі мақсаты – сәулет-құрылыс саласының білім беру жүйесін интеграциялау, ғылымның, техника мен технологиялардың дамуын қамтамасыз ету, әлемдік стандарттарға сай кадрлар даярлау.
ҚазБСҚА Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Германияның, Италияның, Оңтүстік Кореяның, Түркияның, Египеттің, Ресейдің, Украинаның және т. б. шетелдік жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруда.
ҚАУ 1997 жылы құрылды. 2005 жылдың желтоқсанында ҚАУ 1100-ден астам университеттер мен колледждерден тұратын американдық колледждер мен университеттер қауымдастығына (AAC&U) қабылданды.