Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы мен Қазақ-Америка университетінің құқықтық мирасқоры
Жоғары ғылыми-теориялық және зерттеу-талдау деңгейі, қалыптасқан кәсіби және басқарушылық құзыреттері бар докторантты даярлау, сондай-ақ кәсіби міндеттерді өз бетінше орындауға дайындалған докторантты дамыту және оның дайындығының кәсіби стандарт пен докторантураның білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкестігі.

Оқу құны — 1 400 000 тг.

Құрылыс

Не үйренесіз?
Кәсіби құзыреттер
  • Техникалық білім берудегі заманауи, инновациялық үдерістерді, тиімді білім беру технологияларын, оларды іске асыру бойынша елдердің тәжірибесін білу
  • Құрылыс теориясында қатаң тексерілген және сынақтан өткен қағидаттар, әдістер, ережелер мен нормалар жүйесін танудың эвристикалық формасы дағдыларын меңгеру
  • Практикалық жобалау қызметінде, сондай-ақ оқу-педагогикалық қызметінде инновациялық технологиялар мен заманауи жобалау-өндірістік процестерді пайдалану қабілеті
  • Құрылыстағы заманауи бағыттарды, даму үрдістері мен заңдылықтарын өз бетінше жан-жақты және сыни талдау, қорытынды жасау, оларды дәлелдеу қабілеті
  • Құрылыс шеңберінде білім алу және әзірлеу барысында зерттеуші (ғалым) сүйенетін зерттеу қызметінің қағидаттары мен тәсілдерін бағалау қабілеті
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
  • Академиялық қоғамдастықпен өзара әрекеттесу
    Сіз өз саласының ең үздік мамандарымен жұмыс істей отырып, меншікті инновациялық ғылыми зерттеулеріңізде олардың тәжірибесін пайдалана аласыз.
  • Ғылыми қызмет пәнін терең түсіну
    Сіз бұрын ешкім жасамаған нәрсені жасайсыз. Дәл сіздің зерттеуіңіз ғылымның қазіргі заманғы мәселелерін шешуде маңызды буын бола алады, бұл ынталандырмай қоймайды.
  • Мансап болашағы
    Science журналының зерттеу нәтижелері бойынша докторантура (PhD) қалаған жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады.
  • Жоғары жалақы ықтималдылығы
    PhD дәрежесі Сізге жоғары жалақы алуға мүмкіндік береді. «Философия докторы» тіркесі сіздің түйіндемеңіздегі ең маңызды жол болады. Сонымен қатар, Сіз ғылыми мансапты постдокторлық зерттеулерде жалғастыра аласыз немесе университетте сабақ беру мүмкіндігіне ие боласыз.
Тегін кеңес алуға өтінім беру
Өтінім жіберіңіз, біз сізге жақын арада хабарласамыз