Күндізгі, қашықтықтан оқыту бөлімінің студенттері үшін төлемнің бақылау мерзімі (deadline):
Күзгі семестр үшін: қайта оқуға түскен білім алушылар, академиялық демалыстан кейін, ауысу немесе қайта қабылдану тәртібімен қабылданған студенттер үшін – тиісті бұйрық шыққаннан кейін 3 күн ішінде және келесі жылдан бастап 15 шілдеге дейін жылдық оқу ақысының 1/2 мөлшерінде.
Көктемгі семестр үшін: қайта оқуға түскен студенттер, академиялық демалыстан кейін, ауысу немесе қайта қабылдану тәртібімен қабылданған студенттер үшін – тиісті бұйрық шыққаннан кейін 3 күн ішінде және келесі жылдан бастап 25 желтоқсанға дейін жылдық оқу ақысының 1/2 мөлшерінде.