СТУДЕНТТІҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ-НҰСҚАУЛЫҒЫ

ХБК-да жыл сайын барлық білім алушыларға үлестірілетін анықтамалық-нұсқаулық шығарылады. Бұл басылым студенттік өмір бойынша жолсілтеме болып табылады және корпорацияның құрылымы, орналасқан жері және Сізді қызықтыратын бөлімшелердің телефондары туралы ақпаратты қамтиды. Мұнда Сіз өзіңіздің құқықтарыңыз бен міндеттеріңіз, ХБК студентінің мінез-құлық ережелері туралы ақпаратты тек корпорацияда ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде және одан тыс жерлерде таба аласыз.

Анықтамалық-жолсілтемеде корпорацияның жастар және спорт ұйымдары туралы толық ақпарат, ЖОО-да оқу процесінде туындайтын сұрақтарға, оның ішінде әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша жауаптар берілген.

ХБК студенттерінің анықтамалық-нұсқаулығы біздің корпорацияда бейімделу процесінде Сіздің сенімді көмекшіңіз болады деп үміттенеміз.