ХБК-да ОҚИТЫН ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІҢ ВИЗАСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТІРКЕУ
Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрбір шетелдік азамат және азаматтығы жоқ адам ҚР-ға кірген кезде көші-қон картасын алуға және толтыруға міндетті. Көші - қон картасын шетел азаматы өзі анық, түзетулерсіз, орыс тілінде толтырады. Егер шетелдік азамат орыс тілін білмесе, паспортта немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатта көрсетілген деректерге сәйкес өзі туралы мәліметтерді латын әліпбиінің әріптерімен толтыруға жол беріледі. Көші-қон картасы жасына қарамастан әрбір шетелдік азаматқа толтырылады. "ҚР келу мақсаты"тармағында оқу керек.
Алыс шетелден келген шетелдік азамат Қазақстанға келіп, ХБК-да тек оқу визасы бойынша оқи алады. Шақыруды ХБК Халықаралық бөлімі алдын ала ресімдейді. Халықаралық бөлімге қажетті құжаттарды тапсыру мерзімі-болжамды елге кіргенге дейін 45 күннен кешіктірмей.
Шетелдік студент ҚР-ға келгеннен кейін бес күндік мерзімде көші-қон есебіне қойылуы тиіс.
Тіркеуді ұзарту үшін шетелдік студент тіркеу аяқталғанға дейін 5 күн бұрын Халықаралық бөлімге жүгінуі керек (егер тіркеу 01 қыркүйекте аяқталса, студент 25 тамызда жүгінуі керек).
ҚР шекарасынан өткен сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде шетелдік студент халықаралық бөлімге жүгініп, келесі құжаттарды ұсынуы керек:
а) ұлттық паспорт (түпнұсқада);
б) шекарадан өткені туралы белгісі бар көші-қон картасы (түпнұсқа + көшірме);
6.Студенттер тұрғылықты жеріне, байланыс ақпаратына, мәртебесінің өзгеруіне (уақытша тұруға рұқсат алу, тұруға ықтиярхат, ҚР азаматтығы) қатысты барлық өзгерістер туралы халықаралық бөлімнің қызметкерлерін уақтылы хабардар етуі тиіс.
НАЗАР аударыңыз!
Шетелдік студенттердің ҚР аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, шетелдік азаматтың Көші-қон есебіне қою бойынша уақтылы жүгінбеуі әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және оған айыппұл салынады. Құжаттар жоғалған жағдайда халықаралық бөлім қызметкерлеріне дереу хабарлауыңызды сұраймыз.
Шетелдік студенттерден аса қажеттіліксіз оқу жылы ішінде Қазақстаннан кетпеуін сұраймыз.