Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы
Қазіргі уақытта "Қазгеодезия" РМҚК өзінің өндірістік әлеуеті, жоғары білікті мамандары мен техникалық жарақтандырылуы, орындайтын топографиялық-геодезиялық, аэротүсірілім және картографиялық жұмыстарының көлемі жағынан бірегей болып табылады.
"Қазгеодезия" РМҚК өз қызметін жоғары дәлдіктегі озық технологияларды пайдалану, қысқа мерзімде және кез келген көлемде геодезиялық, картографиялық және аэротүсірілім жұмыстарын кешенді орындау қағидаттарына негіздейді.