ЖАУАП:
Заңның 47-бабының 17-тармағының 5-бөлігіне сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық, медициналық, ветеринарлық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру, денсаулық сақтау және ветеринарлық ұйымдарда жұмыспен өтеуге міндетті.
Заңның 47-бабының 17-2-тармағының 3) тармақшасында одан әрі оқу үшін магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдарды жұмыспен өтеу міндетінен босату көзделген.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – ҚР АК) 6-бабының 1-бөлігіне сәйкес азаматтық заң оларда айтылған сөздердiң дәлме-дәл мәнiне сәйкес түсiнiлуге тиiс.
Заңның көрсетілген нормаларының мәнінен түсінетініміз – Комиссия жас мамандар мен философия докторларын (РhD) олар оқу бітірген жылдан кейінгі жылдары емес, сол оқу бітірген жылы магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен жағдайда ғана жұмысты өтеуден босатуға құқылы, яғни жұмысты өтеу міндетінен босату мәселесін қарау кезінде міндетті түрде уақыт факторы, соның ішінде міндеттеменің уақытында орындалуы ескерілу керек.