ХБК Халықаралық кеңсесі университеттің сыртқы байланыстарын және бүкіл әлем бойынша білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты жүргізумен, серіктестік қатынастарды орнатумен айналысады. Кеңсе ХБК Даму стратегиясы аясында университеттің білім беру сапасына оң әсер ететін халықаралық байланыстарды белсенді дамытуға бағытталған.
Бүгінгі таңда Халықаралық білім беру корпорациясы өзара тиімді серіктестік қатынастар үшін әлемнің 32 елінен 117 университетпен шарт жасасты.
Халықаралық кеңсе жұмысының негізгі бағыттары:
· Шетелдегі туыстас оқу орындарымен екі жақты академиялық келісімдер жасасу;
· Шетелдік ЖОО-мен студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру;
· Шетелдік серіктестермен бірлесіп конференциялар мен семинарлар, студенттік жұмыстар көрмелерін және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру;
· Еуразияның сәулет-құрылыс және дизайнерлік мектептерінің халықаралық фестивалін ұйымдастыру;
· Академия бөлімшелерін халықаралық бағдарламалар, конкурстар мен жобалар туралы хабардар ету;
· Халықаралық ұйымдармен және қорлармен байланыс орнату;
· Шетелдік қонақтардың ХЬК-ға сапарларын ұйымдастыру;
· ХБК шетелдік студенттері мен қонақтарына визалық қолдау көрсету.
Халықаралық кеңсе жетекшісі
Жандосова Әсел Мүлікаманқызы
email:
Inter.dep@kazgasa.kz