Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы мен Қазақ-Америка университетінің құқықтық мирасқоры
ректор, т. ғ. д., профессор

Имандосова Маргарита Булатовна

Құрметті халықаралық білім беру корпорациясы сайтының қонақтары, мен сіздерді өз блогымның парақшасында қарсы алуға шын жүректен қуаныштымын!
Халықаралық білім беру корпорациясы (бұдан әрі – ХБК) - Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы мен Қазақ-Америка университетінің базасында құрылған, бұрыннан келе жатқан дәстүрлері және жоғары білікті педагогтар мен ғалымдардан құрылған бірыңғай оқу-ғылыми-өндірістік кешен.

ХБК миссиясы - бұл білім беру, ғылым және өндірісті интеграциялау негізінде ұлттық білім беру жүйесіне үздік әлемдік білім беру стандарттары мен технологияларын жасау және енгізу. Көшбасшылыққа бағдарланған және Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуына бағытталған кәсіпқойларды озыңқы даярлау.

ХБК ұжымы мен білім алушылары кәсіби және академиялық адалдық, ашықтық және көшбасшылық, толеранттылық пен патриотизм, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілік сияқты құндылықтарға сүйенеді.

Ректор блогы сізге ХБК қызметіне қатысты өз пікіріңізді білдіруге және білім беру қызметтерінің сапасын, ғылыми-зерттеу әлеуетін, әкімшілік-басқарушылық шешімдерді арттыру бойынша өз ұсыныстарыңызды беруге көмектеседі деп сенемін.

Сонымен қатар, осы форматтағы байланыс бізге байланыс жылдамдығын арттыруға, қажетті ақпаратты алуды тездетуге мүмкіндік береді.

Сіз қойған әрбір сұрақ пен Сіздің ұсынысыңыз қаралып, тиісті назарсыз қалмайтынына сенімді бола аласыз!

Құрметпен,

ректор, т.ғ.д., профессор

Имандосова Маргарита Булатовна

Сіздің сұрағыңыз
Барлық сұрақтар анонимді түрде жіберіледі