Терең теориялық және практикалық білімі, іскерлігі мен дағдысы бар сәулет пен құрылыстың инновациялық және ғылымды қажетсінетін салалары үшін жоғары білімді ғылыми кадрларды іргелі ғылыми-зерттеу, білім беру, әдіснамалық дайындау.
Оқу құны — 1 400 000 тг.
Сәулет
Не үйренесіз?
Кәсіби құзыреттер
Заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми ақпаратты беру дағдылары
Сәулеттегі заманауи бағыттарды, тұжырымдамалар мен парадигмаларды, сәулеттің даму үрдістері мен заңдылықтарын өз бетінше жан-жақты және сыни тұрғыдан талдау, қорытынды жасау, оларды дәлелдеу; зерттеу нәтижелерін кәсіби баяндау және оларды ғылыми жарияланымдар мен презентациялар түрінде ұсыну қабілеті
Практикалық және оқу-педагогикалық қызметте инновациялық технологиялар мен сәулет-құрылыс кешенінің заманауи жобалау-өндірістік процестерін қолдана білу, ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жасай білу
Ғылыми-өндірістік орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында, жобалау ұйымдарында және білім беру мекемелерінде ғылыми және басқару қызметін жүзеге асыра білу
Заманауи әлемдегі жаһанданудың негізгі үрдістері, жаһандық және өңірлік үрдістерді көрсететін сәулеттің даму бағыттары туралы білімді меңгеру
ҚР қолданыстағы заңнамасы аясында сәулет және қала құрылысы саласындағы ғылыми жаңалықтар мен әзірлемелерге зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ете отырып, ғылыми зерттеулер нәтижелерін жобалық практикаға және құжаттамаға енгізу дағдылары
Концептуалды қайта ойластыру арқылы сәулет мұрасының принциптерін пайдалану, сәулет-қала құрылысы ортасын қалыптастыру мен дамытуда Қазақстандық бірегейлік негіздерін анықтау қабілеті
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ
Академиялық қоғамдастықпен өзара әрекеттесу
Сіз өз саласының ең үздік мамандарымен жұмыс істей отырып, меншікті инновациялық ғылыми зерттеулеріңізде олардың тәжірибесін пайдалана аласыз.
Ғылыми қызмет пәнін терең түсіну
Сіз бұрын ешкім жасамаған нәрсені жасайсыз. Дәл сіздің зерттеуіңіз ғылымның қазіргі заманғы мәселелерін шешуде маңызды буын бола алады, бұл ынталандырмай қоймайды.
Мансап болашағы
Science журналының зерттеу нәтижелері бойынша докторантура (PhD) қалаған жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады.
Жоғары жалақы ықтималдылығы
PhD дәрежесі Сізге жоғары жалақы алуға мүмкіндік береді. «Философия докторы» тіркесі сіздің түйіндемеңіздегі ең маңызды жол болады. Сонымен қатар, Сіз ғылыми мансапты постдокторлық зерттеулерде жалғастыра аласыз немесе университетте сабақ беру мүмкіндігіне ие боласыз.
Тегін кеңес алуға өтінім беру
Өтінім жіберіңіз, біз сізге жақын арада хабарласамыз