Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы мен Қазақ-Америка университетінің құқықтық мирасқоры
"Сәулет" мамандығы бойынша өнертану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін бере отырып, 2 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт); 1,5 жыл (бейінді бағыт) нормативтік игеру мерзімімен жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы туралы.

Оқу ақысы — 950 000 теңге

Сәулет

Не үйренесіз?
Кәсіби құзыреттер
  • Заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми ақпаратты беру дағдылары
  • Сәулеттегі заманауи бағыттарды, тұжырымдамалар мен парадигмаларды, сәулеттің даму үрдістері мен заңдылықтарын өз бетінше жан-жақты және сыни тұрғыдан талдау, қорытынды жасау, оларды дәлелдеу; зерттеу нәтижелерін кәсіби баяндау және оларды ғылыми жарияланымдар мен презентациялар түрінде ұсыну қабілеті
  • Практикалық және оқу-педагогикалық қызметте инновациялық технологиялар мен сәулет-құрылыс кешенінің заманауи жобалау-өндірістік процестерін қолдана білу, ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жасай білу
  • Ғылыми-өндірістік орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында, жобалау ұйымдарында және білім беру мекемелерінде ғылыми және басқару қызметін жүзеге асыра білу
  • Заманауи әлемдегі жаһанданудың негізгі үрдістері, жаһандық және өңірлік үрдістерді көрсететін сәулеттің даму бағыттары туралы білімді меңгеру
  • ҚР қолданыстағы заңнамасы аясында сәулет және қала құрылысы саласындағы ғылыми жаңалықтар мен әзірлемелерге зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ете отырып, ғылыми зерттеулер нәтижелерін жобалық практикаға және құжаттамаға енгізу дағдылары
  • Концептуалды қайта ойластыру арқылы сәулет мұрасының принциптерін пайдалану, сәулет-қала құрылысы ортасын қалыптастыру мен дамытуда Қазақстандық бірегейлік негіздерін анықтау қабілеті

Білім беру бағдарламасына оқуға түсу үшін

1
қадам
Пәндер бойынша КТ тапсыру:
• Таңдау бойынша шет тілі (max-50/min 25) (егер ILST, TOEFL сертификаты болса, тестсіз 50 балл беріледі)
• Оқу дайындығын анықтайтын тест (max-30/min 7)
• Сәулет типологиясы (max-35 / min 7)
• Қала құрылысы негіздері (max-35 / min 7)
2
қадам
Құжаттарды ХБК қабылдау комиссиясына тапсыру
Тегін кеңес алуға өтінім беру
Өтінім жіберіңіз, біз сізге жақын арада хабарласамыз