Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы мен Қазақ-Америка университетінің құқықтық мирасқоры
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ
Сенің ой-өрісіңді кеңейту, басқа елге бару, ХБК шетелдік серіктес ЖОО-да оқудың бірегей тәжірибесін алу мүмкіндігің!
ХБК АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ:

Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы (бұдан әрі – АҰ) – бұл шетелдік әріптес жоғары оқу орнында бір семестр немесе оқу жылы ішінде оқу, оның нәтижесі оқу нәтижелерін растайтын құжат (транскрипт) болып табылады.
АҰ-ға ұзақтығын, қатысатын студенттердің санын, алмасудан, тағылымдамадан өту және тұру шарттарын ХБК және шетелдік әріптес ЖОО әрбір алмасу жағдайында белгілейді, шартта немесе шартқа қосымшада бекітіледі.

ХБК-дағы академиялық ұтқырлық бағдарламалары:
  • «Шетелдегі семестр» ҚР БҒМ бағдарламасы;
  • Erasmus + бағдарламасы;
  • MEVLANA академиялық ауысу бағдарламасы;
  • ҚазБСҚА мен серіктес жоғары оқу орындарының екіжақты шарттары мен келісімдері шеңберіндегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы;
  • Халықаралық шәкіртақылық бағдарламалар.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тапсыру:
Әрбір алмасу бағдарламасы үшін құжаттарды беру мерзімі белгіленеді, одан кейін өтінімдер қабылданбайды және қаралмайды.
Бағдарламаға қатысу үшін студент:
1. Жоғары академиялық көрсеткіштерге ие болу;
3. Академияның ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысу;
4. Академиялық ұтқырлықтан өту үшін және күнделікті өмір үшін шет тілін (ағылшын немесе қабылдаушы ЖОО елінің тілі) жеткілікті деңгейде меңгеру керек.

Байланыстар:
ХБК Халықаралық бөлімінің басшысы
Молотовская Ольга Владимировна
А13 каб., БАК
e-mail: inter.dep@kazgasa.kz, inter.d@kau.kz